«Қызылорда облысының білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің
«Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Аудандық білім бөлімінің 2023 жыл 16 қазан күнгі № 1771 санды хатына сәйкес прокуратура, полиция және аудандық білім бөлімі өкілдері қатысуымен 8 - 11 сынып оқушылары арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында ақпараттық танымдық түсіндіру жұмыстары өткізілді. Бұл кездесу шарасында оқушыларға бейнеролик көрсетіліп, сауалдарына жауап берілді.
Іргелі білім ордасы Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектепте 1-қыркүйек – «Білім күні» мерекесіне арналған «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті.
Мерекелік шараға аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Жолтаев Болат Әбенұлы және мектептің ардагер ұстаздары қатысты.
Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Ізбасқан Ләззат Шманқызына берілді. Мектеп басшысы ұстаздарға, оқушыларға, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерге жаңа оқу жылында жарқын бастамалар тіледі. Мектебіміздің бүлдіршіндерінен құралған би топтары өнер көрсетіп, мерекелік шараның көркін аша түсті.
1 сынып оқушыларының алғашқы ұстаздарымен бірге соғылған қоңырау үні алтын ұя мектептеріне асыққан шәкірттердің сағынышына үн қосқандай әсерлі болды.
Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің «Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі