Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Қызылорда облысының білім басқармасының

Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің
«Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектепте 21 қазан күні "Мектеп парламенті" білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту мақсатында жаңа оқу жылында "Мектеп парламенті" сайлауы өткізілді. Сайлау жалпыға теңдік, таңдау еркіндігі сияқты бірдей ережелер негізінде іске асырылды. Дауыс беру сайлаудың барлық шарттарын сақтай отырып, құпия түрде өткізілді және оның қорытындысын мектептің сайлау комиссия мүшелері іске асырды.

Сайлау комиссиясының шешімі бойынша төмендегі нәтижелер анықталды:

"Мектеп президенті" 9 "А" сынып оқушысы

Сұрханбаев Нұрталап

Құқық және тәртіп фракциясы 8 "Г" сынып оқушысы Ордағұлова Аружан

Ақпарат фракциясы жетекшісі 8"В" сынып оқушысы Яхия Ұлжан

Спорт және салауатты өмір салты 9 "А" сынып оқушысы Әбдінағи Думан

Қайырымдылық фракциясы 9 "Б" сынып оқушысы Мамай Ержан

Дебат қозғалысының фракциясы 8 "А" Мамай Ержан

Экология және еңбек фракциясы 9 "Б" Нағашыбай Илхам

Мәденинет және еңбек фракциясы 9 "Б" Сырлыбай Жарбол

Өзін - өзі тану және бақыт фракциясы 8 "Б" Сахи Қанағат

МОБИЛЬДІ КІТАПХАНА Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына орай "Күнгейде күн кешкен кемеңгер" тақырыбында оқушылармен библиографиялық шолу ұйымдастырылды. Электронды кітаптар арқылы оқушылар К.Тоқаевтың өмірімен және шығармаларымен танысты. Мақсаты: оқушыларға детектив жанрының көшбасшысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Кемел Тоқаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру. Кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі туралы білімдерін толықтыра түсу. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектепте "Сымбат" қыздар ұйымының жетекшілігімен 2023 жылдың 12 қазан күні 8 - 10 сынып қыз балалары қатысуымен "Қыз тәрбиесі - ұлт болашағы" тақырыбында жиналыс өткізілді.

Күн тәртібінде:

1. "Қыз тәрбиесі - ұлт болашағы" тақырыбында баяндама.

Баяндамашы: 9 "А" сынып оқушысы Сағынбай Зарина

2. "Қыз балалардың жеке бас тазалығын сақтау"

тақырыбында пайдалы кеңестер.

Баяндамашылар: Теміржол емханасы мейіркештері Турдугулова Ұлбосын, Мұстафаева Гүлзипа.

3. "Қыз - өмірдің көркі " тақырыбында тренинг.

Мектеп психологі: Абдикалиева Роза.

4. Ағымдағы мәселелер.

Аудандық білім бөлімінің 2023 жыл 16 қазан күнгі № 1771 санды хатына сәйкес прокуратура, полиция және аудандық білім бөлімі өкілдері қатысуымен 8 - 11 сынып оқушылары арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында ақпараттық танымдық түсіндіру жұмыстары өткізілді. Бұл кездесу шарасында оқушыларға бейнеролик көрсетіліп, сауалдарына жауап берілді.

© 2025 «Қызылорда облысының білім басқармасының

Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің «Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі