«Қызылорда облысының білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің
«Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕНЮ
2024 жылдың 03 қазан күні Ы.Алтынсарин атындағы N 204 мектебінің асхана жұмысының және балалардың тамақтануының дұрыс ұйымдастыруын бақылау мақсатында мектептің бракераж комиссия мүшелері Мектеп директоры Л.Ізбасқан, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Тулемисова және әлеуметтік педагог Г.Пірімжарова, мектеп медбикесі Р.Сағымбаева асхана жұмысына тексеру жұмысын жүргізді.
Мониторинг топ мүшелері асханаға келген тағам өнімдерінің сапасын, олардың сақталу мерзімдері мен жағдайларын, астың дайындалу технологиясын, ас блогының санитарлық жағдайын тексерді.
Асханадағы тазалық ережелерінің нормалары сақталған. Асханада арнайы ыдыс жуатын орындары бар. Күнделікті ас мәзірі бекітілген. Ас мәзірі бойынша барлық тағамдар қамтылған. Тамақ өнімдерінің сапасы талапқа сай келеді.
Мектебімізде астан уланудың алдын алу мақсатында Қазалы аудандық білім бөлімі,СЭББ санитарлық-игиеналық бақылау және қадағалау,техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің мамандары асханаға қойылатын санитарлық қағидалар бойынша түсіндірме жасап,әдістемелік көмек көрсетті.
© 2025 «Қызылорда облысының білім басқармасының
Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің «Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі