Мектеп тарихына шолу
Ы.Алтынсарин атындағы №204 қазақ орта мектебі 1954 жылы қараша айында №71 теміржол жетіжылдық мектебі болып ашылған. Мектептің алғашқы директоры, марқұм Балмағамбетов Данышпан болды. Алғашқы ашылған жылдары мектепте 400 – дей оқушы оқып, 15 - ке жуық мұғалімдер қызмет атқарған. 1954 - 1955 оқу жылында мектептің алғашқы түлектердің саны 35 оқушы болды. Алғашқы сабақ берген ұстаздар: Боранбаев Сейіл, Қазыбаев Әшірбай, Пішімова Бибіжар, Қосаева Саяш, Ахмедов Мадали, Сарқұлов Ләти, Цой Ян Дүн, Досжанов Асан т.б. ұстаздар жемісті қызмет атқарды. Мектептің алғашқы түлектері: Кадиров Нағыметулла, Аңсатбаев Насыр, Жарылқасын Шәріпов, Тәжиева Карима, Рыстығұлова Нагима одан кейінгі түлектер: «Болашақ» вагон жөндеу зауытының президенті, марқұм Әзім Әліпбай, вице - президенті Ерқосай Қабылов, Қазалы жол құрылысы жөндеу мекемесінің бастығы Ботабай Рыстығұлов. 1958 – 1959 жылғы түлектері: Теміржол мекемелерін жылумен қамту орталығы директоры Ашықбай Тоғымов, Шалқар қаласында поезды қалпына келтіру мекемесінің бастығы Бәйділдә Сарқұлов т.б. Сол кездері қызмет еткен ұстаздар көптеген жетістіктерге жетті. Атап айтар болсақ, Қосаева Саяш Бегімбайқызы 1959 жылы № 421 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде ұстаз, кейін оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарып, 1966 жылы «Қазақ ССР оқу министрлігінің «Оқу озаты» белгісімен марапатталды. Республикалық кәсіподақ комитетінің, оқу бөлімінің грамотасымен және 1982 жылы «Ветеран труда» медалімен марапатталған. Қазыбаев Әшербай 1954 - 1981 жылдары №421 мектепте география, алғашқы әскери даярлық пәнінен сабақ берді. Бірнеше медаль, ордендермен марапатталған. Пішімова Бибіажар 1947 жылы «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медалімен және 1969 жылы Қазақ Республикасының жұмысшылар кәсіподағы комитетінің ағарту, жоғарғы мектеп және ғылым мекемесінің «Құрмет грамотасымен», 1970 жылы «Халық ағарту ісі үздігі» белгісімен және Ұлы Отан соғысының 50, 55 жылдық құрметіне байланысты мерекелік медальдармен марапатталған. Мадали Ахмедов ұстаздық еткен жылдары өзінің жауапкершілігімен, ізденімпаздығымен өз қызметтестеріне құрметті болған. Сарқұлов Абдуллатиф Тоқмырзаұлы 1954 жылы №421 мектепте оқу ісінің меңгерушісі болып ауысып, кейін қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. Қызмет атқарған жылдары: 1941 – 1945 жылғы «За добрасовестный труд в ВОВ», 1947 жылы «За трудовое отличие» және «За трудовою доблесть» медалдарымен марапатталған.
1962 - 1964 жылдарда мектепті марқұм Ізтілеу Темірбек басқарды. 1964 – 1965 оқу жылынан бастап, №421 орталау мектеп болып құрылды. 1966 оқу жылынан №421 орта мектеп болды. Бұл жылдары небәрі 8 кластық оқу бөлмесі бар, 220 оқушылық екі қабатты мектеп болды. Оқушылар үш кезеңде оқыды. 1965 жылдан бастап аудандық атқару комитетінің шешімімен 12 кластық бөлмеге кеңейтілді. Мектептің спорт залы 1967 жылы салынып пайдалануға берілді. Ата - аналардың, оқушылардың көмегімен спортзалмен қатар оқу шеберханасы мен клуб жөнделіп пайдалануға берілді.
1964 - 1969 жылдарда мектеп директоры қызметі Бекмамбетов Жұмамұрат Нұрмаханұлы атқарды. 1965 - 1966 оқу жылында орта мектепті алғашқы түлектер бітірді. 1964 жылы 10 қазан күні осы мектептің 10 жылдық мерей тойын өткізуде зор жұмыс атқарылған. Осы жылдары мектептің оқу ісінің меңгерушісі болып, Сарқұлов Ләти, 1964 - 1965 жылдары Сақтағанова Жібек қызмет атқарған. 1965 - 1966 оқу жылында алғашқы орта мектепті бітірген 84 оқушы болды. 1967 - 1969 жылдары оқу тәрбие ісінің меңгерушісі болып Қарақұлов Байболат қызмет атқарды. Осы жылдарда мұғалім – ұстаздар: Тойбазаров Жұмамұрат, Тоқтаболатов Сейіт, Қарақұлов Байболат, Сағымбаев Жолдыбай, Балымбетов Өтеген, Савчева Е.Г, Әбдіржанова Әлима, Мадияров Құттыбай, Жақсылықов Әділхан, Қазыбаев Әшірбай, Өтепова Қамқа, Пішімова Бибіажар, Жақсылықова Бибігүл, Қалдыбеков Досмырза, Тойымова Үміткүл, Қалниязов Бекаралдар қызмет атқарды. 1965 - 1966 жылы орта мектептен алғашқы 84 мектеп бітірушілерін ұшырды. К.Сүгірәлиева «Алтын медальмен» бітірді. Осы жылдары мектептің оқу ісінің меңгерушілері: Ләти Сарқұлов және Жібек Сақтағанова, бастауыш оқу ісінің меңгерушісі Саяш Қосаева, тәрбие ісінің меңгерушісі Сейт Тоқтаболатов, Байболат Қарақұлов қызмет атқарды. 1964 - 1973 жылы мектеп директоры болып Ж.Бекмамбетов, мектеп директорының орынбасарлары болып, Б.Тәженов, С.Тоқтаболатов, Ж.Сағымбаев, Қ.Жұбатқанова қызмет атқарды. 1970 - 1971 оқу жылында қазақ тілі және әдебиеттен 3, орыс тілі және әдебиеттен 2, математикадан 3, тарихтан 2, биологиядан 2, шет тілінен 1, эстетикадан класстардан бір - бірден сынып кабинеттері ашылды. Сонымен осы айтылған мерзімде бастауыш класстардан 6 сынып кабинеті, жоғары кластардан 20 пән кабинеттері жұмыс істей бастады. Педагогикалық 1лингафон кабинеттері және географиялық математика алаңдары жасалды. Спорт залдан басқа, сыртта баскетбол, волейбол, қол жәшігі, турник, брусья алаңдар мен қатар жүгіру жолдары жасалды. 1 гектарға жуық мектеп жанында оқу тәжірибе участогінде жұмыс ағаштары, түрлі өсімдіктер егетін бөлімшелер жұмыс істеп оның бір шетінде ауа - райын бақылайтын гидрометриялық шағын станция да іске қосылды.
1970 - 1971 оқу жылы 320 оқушы кабинеттік жүйеде, 945 оқушы сыныптық жүйеде, 1971 - 1972 оқу жылы 900 оқушы кабинеттік жүейеде, 461 сыныптық жүйеде оқыды.
Бекмамбетов Жұмамұраттың басқару кезінде мектеп облыста бірінші болып кабинеттік оқу жүйесімен оқыту жайлы облыстық мектеп басшыларының семинары өткізілді. Сөйтіп, мектептің кабинеттік жүйемен оқытуда нәтижелі еңбегі ескеріліп, мектептің аты облыстық Құрмет тақтасына ілінді.
Бекмамбетов Жұмамұрат КСРО халық ағарту ісінің озаты, Лениндік Құрмет грамотасымен, облыстық, аудандық бөлімінің грамоталарымен және «Еңбектегі ерлігі үшін», «Ардагер» медалдарымен марапатталған. Қазалы ауданының құрметті азаматы.
1973 - 1977 жылдары № 421 орта мектептің (қазіргі № 204) директоры болып Бақытғани Сәтбаев тағайындалды. Бақытғани Жұмабайұлының еңбектері бағаланып, КСРО, Қазақстан білім беру ісінің үздігі, «Құрметті теміржолшы» атағына ие болды. Жас түлектерді тәрбиелеуде және оқытудағы сіңірген еңбегі үшін Бақытғани Сәтбаев «Ерліктегі еңбегі үшін», «В.И.Лениннің 100 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік және еңбек ардагері медалдарымен наградталған. Бірнеше рет аудандық, облыстық білім департаментінің мақтау қағазымен, аудандық, облыстық комсомол комитетінің, Батыс Қазақстан теміржол басқармасының, оқу орны бөлімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Облыстық білім департаменті облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі шығармашылық табыстары үшін ғасырлар тоғысында «Шабыттың шыққан шыңына» атауы бойынша марапаттауға ие болды. Көлік министрлігі және облыстық Кеңестің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. 1970 – 1986 жылдары сапалы білім саналы тәрбие беруде тынымсыз еңбек еткен ұстаздар: Ә.Жолтаев, Б.Қалниязов, С.Алпысбаева, Т. Жақсылықова, З.Исаева, Ж.Кемалов, Ж.Сағымбаев, С.Тоқтаболатов, Б.Тәженов, Қ.Жұбантқанова, А.Өтепов, Н.Күзенбай, А.Күлімбетова, Ұ.Рашева, Б.Нысанбай, Г.Байқазақ, Д.Жамбосын, Р.Сәдуахас, Г.Жетілген, Р.Сахи, К.Демеубаев, Б.Ахметова, З.Жомарт, М.Қожабай.
Көптеген мектеп бітіруші түлектер, қазіргі таңда қоғамның түрлі саласында қызмет атқарып жүр. Атап айтар болсақ, 1970 жылдың түлегі Әбдібаева Ұлтуған Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде салық комитетінде бас маман, 1974 жылдың түлектері Өтегенов Серік «Қазалы жолшы» мекемесінің директоры, Ермек Зәңгіров «Алматы Ақшамы» газетінің редакторының орынбасары, Жұбаныш Әбдібаев Жамбыл қаласындағы «Жамбыл гаждан проект» мемлекеттік жобалау институтында бас саулетші, 1975 жылдың түлегіӘсия Ізтілеуова Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде Қазалы перзентханасының бас дәрігері, 1978 жылдың түлегі Жолтаев Болат Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектеп директоры, 1981 жылдың түлектері Ізбасқанова Ләззат Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі С.Сейфулин атындағы №165 орта мектептің директоры, Қожантаева Сарқыт Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында оқытушы, 1988 жылдың түлегі Сахитжанова Зада Түркістан қаласындағы Қ. А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ түрік университетінің ағылышын тілі кафедрасының оқытушысы, 1984 жылдың түлегі Алмағамбетов Нұрлан Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі Қазалы маневр тепловоз жөндеу зауытының директоры.
1992 – 2000 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектепке директор болып Жәрек Кемалов қызмет атқарды. Жәрек Кемалов – аудандық,облыстық, республикалық грамоталарымен, 1970 жылы «В.И.Лениннің 100 жылдығы» медалімен, 1998 жылы «Қазақстан Республикасы Білім Беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. 2000 жылдың 30 тамызында кенеттен бахилыққа көз жұмды. 1975 жылдан – 1986 жылға дейін мектептің оқу ісінің меңгерушісі болды. 1986 - 1992 жылдары мектеп аудандағы білім сапасы жөнінен алдыңғы қатарлы жетістіктерге жетті. Мектепте 100 - ге тарта мұғалім қызмет атқарды. 1986 жылы мектепте 50 комплектілі болып, 1600 оқушы оқыды. 1988 жылы оқушы санының көбеюіне байланысты С.Сейфуллин атындағы №165 мектеп ашылып оқушылар екіге бөлінді. Сөйтіп, мектепте 899 оқушы оқыды. 1992 жылдан мектеп директордың орынбасарлары: А.Өтепов, Ж.Тәжібаева, З.Исаева болды. 1995 жылдан бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі болып Ғ.Қоянбаева қызмет атқарды. 1992 жылы ауданда тұңғыш рет «Ең үздік пән мұғалімі» байқауы осы мектепте өткізілді. Бас жүлдені осы мектептің математика пәнінің мұғалімі Серік Баймен жеңіп алды. 1997 - 1998 оқу жылында мектепте аудандық барлық мектептің басшылары қатысқан «Пән кабинеттерін аттестациялау тәжірибелерімізден» атты тақырыпта семинар ұйымдастырылды. Семинарда оқу тәрбие саласына байланысты пән мұғалімдерінің жақсы іс - тәжірбиелері, ашық сабақтар, тәрбие сағаттар, "Кабинеттік жүйе сапалы білім негізі" деген тақырыпта дөңгелек стол өткізілді.
2000 – 2006 оқу жылдары мектепті Қазақстан Республикасының ғылым және білім министірлігінің «Құрмет грамотасы» иегері, аудандық мәслихат депутаты Бейбіт Дәулетияров басқарды. 2002 жылы облыс, аудан әкімдерінің, мәслихат депутаттарының қолдауымен бөлінген қаржыға мектеп жанындағы 5 этажды жатақхана үйін күрделі жөндеуден өткізіп жаға оқу ғимаратына көшті. Мектепті жаңа ғимаратқа көшу салтанатты жиынына облыс әкімі Серікбай Нұрғисаев қатысты. Сөйтіп 3 ауысымды оқудан арылып, 2 ауысымдық жұмысқа көшірілді. Мектеп ұжымы да өз жұмыстарында жаңа оқу ғимратын безендіруде соңғы технологиялық жаңалықтарды қолдана отырып (облыс орталығындағы жоғары оқу орындарындағы безендіру үлгісне сай) жұмыстарды жүргізді. Мектеп фойелері, залдары, пән кабинеттері облыс орталығынан мамандар шақырылып, дизайн үлгісімен безендіріліп, көркемдеу жұмыстары қолға алынып орындалды. 2004 жылы Республикалық деңгейде мектептің 50 жылдық мерейтойы аталып өтті.
1999 – 2009 оқу жылында мектептің 10 сынып оқушысы Ізбасқанов Нұртуған математика пәні бойынша Республикалық дарынды оқушылар сайысында ІІІ орын иеленді. Пән мұғалімі С.Бәймен. «Әлеуметтік экономикалық мәселелерді математикалық модельдеу» секциясы бойынша қатысты. 2002 – 2003 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша дарынды оқушылардың облыстық ғылыми жобалар байқауында мектеп оқушысы Махамбетали Роза пән мұғалімі Б. Нысанбайдың жетекшілігімен «Молда Бейім - айтыскер ақын» тақырыбында жүлделі орын ІІІ орын алды.
2006 – 2013 жыл аралығында мектепті Төребай Шермаханов басқарды. 2008 жылдың 26 мамырында 1977 – 1978 жылғы мектеп түлектері, қазіргі Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектеп директоры Б.Жолтаевтың ұйымдастыруымен «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты мектеп түлектерінің 30 жылдық іс - шарасы өткізіліп, ұлы ағартушы педагог Ы. Алтынсаринның ескерткіші мектеп алдына орнатылды. 1996 - 2008 жылдары шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие беруде жемісті еңбек еткен ұстаздар қатары көп. Олар: Каржаубаев Арман (тарих пәні мұғалімі), Өтембет Қайрат (орыс тілі пәні мұғалімі), Ахметова Шакизада (директордың тәрбие жөніндегі орынбасары), Қалмұратова Алтыншаш (технология пәнінің мұғалімі), Каржаубаев Руслан (қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі), Айтмамбет Ділдәбек (оқу ісінің меңгерушісі), Жұмағазиева Роза (қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі), Дүзелбаева Гүлнәр (тарих пәні мұғалімі), Умирзакова Нургул (информатика пәні мұғалімі), Тәңірбергенов Батырбек (оқу ісінің меңгерушісі), Әбіл Әмірхан (денешынықтыру пәні мұғалімі), Бейімбет Баян және Сейіт Бибігүл (бастауыш сынып мұғалімдері) т.б.
«Спорт - денсаулық кепілі» мектептің спорт саласынан дойбыдан, шахмат, тоғызқұмалқтан баскетбол, волейбол, т.б. спорттық ойындардан нәтижелі табыстары мол.
2005 жылы облыстық арнайы бала және жасөспірім мектебінің олимпиада резервтерінің арасында І орын иегері. 2006 жылы грек - рим күресінен 1993 – 1994 жылы туылған балалар арасында спорт мектептері Қызылорда облысының дене тәрбиесі және спорт мектептері арасындағы облыстық біріншілікте І орын, Атырау қаласында халықаралық грек - рим күресінен ІІІ орын иеленген. 2006 жылы Іздік Алихан 1993 – 1994 жылы туылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері оқушылары арасында өткен грек - рим күресінде І орын, Қызылорда облысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған 1991 – 1992 жылы туылған балалар мен жасөспірімдер арасында грек - рим күресінен І орын иеленді. 2007 – 2008 оқу жылында облыста оқушылар арасында республикаға іріктеуден жарыс өтіп, 11 «Б» оқушысы Оразова Мария оқушылар арасында шахматтан, жүлделі ІІІ орын иемденді, Сырашова Айжан республикалық жарысқа жолдама алды. Пән мұғалімі: Әбіл Әмірхан. Облыста оқушылар арасында шахматтан Әбдіхалықов Мұрат ІІ орын иемденді. 2007 жылы стол теннисінен оқушылар арасында «Есірткісіз көше» ұранымен өткізіген аудандық біріншілікте №204 мектеп жүлделі ІІ орын алды. 2008 жылы мектеп оқушыларының аудандық жазғы ХІ Спартакиадасының бағдарламасына сәйкес дойбыдан өткен жарыста №204 мектеп жүлделі І орын алды, жарыста шахматтан ұжым жүлделі орын алған. Осы жылы аудан мектеп оқушылаы арасында дойбыдан өткен жарыста №204 мектеп командасы жүлделі І орын алды.
2007 жылы 9 сынып оқушысы А.Алмағамбетов «VІІ Қ.Сәтбаев оқулары» ғылыми жоба жарысына қатысып, баяндамасы жинаққа енді, физика - математика конкурсының жеңімпазы. 2007 жылы 9 сынып оқушысы А.Ақкенжеева Облыстық ғылыми жоба жарысында І орынға ие болды.
2007 жылы 9 сынып оқушысы Нұржігітова Ару Республикалық мектеп оқушылары арасында Астана қаласының 10 жылдығына орай өткізілген конкурста ІІ орынға ие болып, Білім министрі Ж. Түймебаевтың Қазақстан Республикасы білім және Ғылым министірлігі дипломымен марапатталған. Пән мұғалімі М.Кати.
2007 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған жалпы білімберетін мектеп оқушылары арасында өткізілген «Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» тақырыбындағы облыстық шығармалар конкурсында жүлделі І орын алған Рамбердиева Гүлфайруз 2007 жылы Халықаралық «VІІІ Сәтбаев оқулары» Республикалық Кіші ғылым Академиясы ғылыми жобалар сайысында І дәрежелі Дипломмен, «Дарын» облыстық ғылыми жоба сайсында ІІ дәрежелі Дипломымен, «Жыл жұлдызы - 2007» деп танылып, «Таным тұлпары» номинациясы бойынша облыстық білім басқармасының Дипломымен марапатталған.
2007 жылы Әбдіраманова Нұржамал Халықаралық «VІІ Сәтбаев оқулары», 2008 жылы Республикалық Кіші Ғылым Академиясы ғылыми жобалар сайысында І дәрежелі Дипломымен марапатталған.
2007 жылы Аудандық VІІІ Абай оқулары «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бөлімі бойынша Төлеген Әйгерім жүлделі І орын алып, облысқа жолдама алды. Пән мұғалімі Г.Жетілген
2008 жылы Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен ІХ аудандық Абай оқуларының «Өлең - өздің патшасы, сөз сарасы» бөлімі бойынша 8 сынып оқушысы Мырзабекова Әйгерім жүлделі І орын алды. Пән мұғалімі Н.Боташ.
2008 жылы облыстық пәндік олимпиадада информатика пәні бойынша А.Өтегенова жүлделі ІІ орын алды. Пән мұғалімі Тәңірбергенов Батырбек.
2008 жылы Махамбетали Ақынбек балалар шығармшылығына арналған облыстық «Бозторғай» байқауында халықтық орындау жанры бойынша үздік өнер көрсеткені үшін бас жүлдемен марапатталған. Алматы қаласында өткен «Бозторғай» балалар шығармашылығының халықаралық өнер жарысында жүлделі І орын алды.
2008 жылы Атырау қаласында өткен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 125 жылдығына арналған халықаралық грек - рим күресінен ІІІ орын, Қызылорда облысында грек – рим күресінен 1995 – 1996 жылы туылған жасөспірімдер арасында І орын алған.
2013 жылдан бастап мектепті Жолтаев Болат Әбенұлы басқарды. 1961 жылы Қазалы ауданының Майлыбас ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Білімі жоғары. Қарағанды университетінің «тарих - филология» факульттін бітіріп, тарихшы мамандығын алып шыққан.
Жолтаев Болат Әбенұлы еңбек жолын №190 мектептен бастаған. Әйтеке би кенті орталығындағы №204 мектепте – мұғалім, №234, №204 мектептерде, аудандық оқушылар үйінде директорының орынбасары, аудандық білім бөлімінің әдіскері, 1996 – 1997 жылдары Майдакөл ауылындағы №98 мектепте директор қызметін атқарған.
1997 – 2002 жылдары аудандық білім және ғылым қызметкеркерлері кәсіподақ комитетітінң төрағасы, 2002 – 2007 жылдары Әйтеке би кентіндегі №5 кәсіпік мектептің директоры болып жұмыс жасаған.
2007 жылдың қарашасынан бастап, Қазалы аудандық білім бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеді. Аудандық білім бөлімінің басшысы, Қызылорда облысы Тасбөгет кентінің әкімінің қызметін атқарды.
2016 жылдан бастап мектепті Шермаханов Төребай басқарды.
2022 жылдың мамыр айында мектебіміздің директоры болып Ізбасқан Ләззат Шманқызы тағайындалды