«Қызылорда облысының білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің
«Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ы.Алтынсарин атындағы 204 орта мектепте 20.11.2023 жылы 7-8 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді. Жиналыста мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Тулемисова оқушыларға тәртіп бұзушылықтың алдын алу, мектеп мейіркеші Р.Сағымбаева тәннің саулығы, денсаулық сақтау туралы түсіндірді. Педагог психолог Ж.Бисенова буллингтің және кибербуллингтің алдын алу жолдары және әлеуметтік желінің зияны туралы кеңес берді.
15- қараша күні Ыбырай Алтынсарин атындағы №204 орта мектепте аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда ІТ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану» тақырыбында семинар болып өтті. Семинардың мақсаты : Оқу –тәрбие үрдісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға жағдай жасау. Бастауыш сынып мұғалімдері арасында өз тәжірибелерімен бөлісу арқылы кәсіби шеберліктерін арттыру. Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың ашылуында мектеп директоры Л.Ізбасқан,аудандық білім бөлімінің әдіскері Шамшатова Гулзат Ауесбаевна сөз алып,семианарға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Семинар жұмысының І –кезеңі «Мұғалім-мектептің жүрегі» тақырыбындағы көрмемен басталды. Бастауыш сынып мұғалімі Г.Қабыл 5 бөлімнен тұратын көрмеде жинақталған мұғалімдер мен оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық байқаулардағы жетістіктері мен марапаттары, авторлық бағдарлама, ғылыми жоба жұмыстары, баспасөз беттеріне жарияланған мақалалары, әдістемелік жинақтары және оқушылар мен ата-аналардың «Күз келбеті» тақырыбындағы қолөнер жұмыстарымен таныстырды.
Толығырақ...Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің «Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі






