«Қызылорда облысының білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің
«Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕНЮ
Қызылорда облысы бойынша жалпы білім беру ұйымдарының жас педагогтеріне арналған IV аймақтық форум өтті. Іс-шараны Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырды.
Форумның басты мақсаты – жас педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, заманауи білім беру үрдістерін насихаттау, мотивация мен тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.
Форум барысында жас мамандармен кездесіп, өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен бөліскен спикерлер қатарында белгілі ұстаздар мен сарапшылар болды.
Мектебіміздің арнайы маманы Елубайқызы Толқынай да форумға қатысып, “Ойлау мен коммуникацияны барынша іске қос” атты бағыт бойынша «Braim Bost» жаттығуларын ұйымдастырып, жас педагогтердің сыни ойлау және тиімді коммуникация дағдыларын дамытуға бағытталған тәжірибелік сессия өткізді.
Толығырақ...
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ы. Алтынсарин атындағы №204 мектепте 7 “А” сынып жетекшісі Журимбетова Альбинаның ұйымдастыруымен ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған танымдық сағат өтті.
Іс-шара барысында оқушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы тың мәліметтер алып, оның өнегелі ойлары мен асыл сөздерінің мәнін терең ұғынды.
Толығырақ...
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 25 тамыздағы қатынасына сәйкес, бүгін, Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектептің ауласында І ауысымда оқитын сыныптардың қатысуымен алғашқы 3 минуттық дене жаттығулары ұйымдастырылды.
Жаттығу барысында оқушылар мен педагогтер бір мезетте сергіту қимылдарын жасап, жаңа күнді көтеріңкі көңіл-күймен бастады. Мұндай дәстүрлі жаттығулар әр аптаның сейсенбі күні сабақ басталар алдында тұрақты түрде өткізіліп отырады.
Толығырақ...
Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қалыбекова Нұргүл «Инклюзивті білім беру жағдайындағы психологиялық-педогогикалық қолдау ерекшеліктері» тақырыбында педагогтермен өткен аудандық әдістемелік семинарда кәсіби іскерлігін танытып, озық іс-тәжірибесімен бөліскені үшін аудандық білім бөлімінің басшысы Ә.Жөлекешовтың “Алғыс хатымен” марапатталды.
Толығырақ...
© 2025 «Қызылорда облысының білім басқармасының
Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің «Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі






