«Қызылорда облысының білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің
«Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МЕНЮ
Ы. Алтынсарин атындағы №204 мектепте «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, Республика күні қарсаңында 2 «А» сынып жетекшісі Құдабаева Мөлдір ұйымдастыруымен мазмұнды сынып сағаты өткізілді.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың бойында патриоттық рухты, елжандылық сезімді, туған ел мен жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы күні мерекесінің мәні мен маңызын кеңінен түсіндіру болды.
Толығырақ...
Ы. Алтынсарин атындағы №204 мектептің ұстазы Қалыбекова Нұргүл Жақсылыққызы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ж.Сүлейменованың “Сертификатын” иеленіп, Республикалық кадр резервіне қабылданды.
Бұл — ұстаздың ұзақ жылғы еңбегі мен білім беру саласындағы кәсіби шеберлігінің жоғары бағалануы.
«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында өткізілген іріктеу кезеңдерінен сәтті өтіп, әңгімелесу қорытындысы бойынша лайықты нәтиже көрсетті.
Толығырақ...
Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектепте 9-10 сынып оқушылары арасында "Құқық бұзушылықтың, ойынқұмарлықтың алдын алу керек деп есептейді" атты қарар бойыншадебат турнирі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз ойларын еркін жеткізуге, дәлелмен сөйлеуге дағдыландыру және қоғамдағы өзекті мәселелерге бей-жай қарамауға тәрбиелеу.
Толығырақ...
Ыбырай Алтынсарин атындағы №204 орта мектепте Қазалы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары, оның ішінде Жергілікті полиция қызметі тобының инспекторы – полиция лейтенанты Казбеков Алмат Наринбаевич және жедел уәкіл – полиция майоры Баймаханов Мураттың қатысуымен 8–10 сынып оқушылары арасында есірткі заттарының зияны мен нашақорлықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Толығырақ...
© 2025 «Қызылорда облысының білім басқармасының
Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің «Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі






