Қызылорда облысы бойынша жалпы білім беру ұйымдарының жас педагогтеріне арналған IV аймақтық форум өтті. Іс-шараны Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырды.
Форумның басты мақсаты – жас педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, заманауи білім беру үрдістерін насихаттау, мотивация мен тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.
Форум барысында жас мамандармен кездесіп, өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен бөліскен спикерлер қатарында белгілі ұстаздар мен сарапшылар болды.
Мектебіміздің арнайы маманы Елубайқызы Толқынай да форумға қатысып, “Ойлау мен коммуникацияны барынша іске қос” атты бағыт бойынша «Braim Bost» жаттығуларын ұйымдастырып, жас педагогтердің сыни ойлау және тиімді коммуникация дағдыларын дамытуға бағытталған тәжірибелік сессия өткізді.



