«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ы. Алтынсарин атындағы №204 мектепте 7 “А” сынып жетекшісі Журимбетова Альбинаның ұйымдастыруымен ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған танымдық сағат өтті.
Іс-шара барысында оқушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы тың мәліметтер алып, оның өнегелі ойлары мен асыл сөздерінің мәнін терең ұғынды.



