Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Қызылорда облысының білім басқармасының

Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің
«Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

Мектебіміздің оқушысы Темірбай Дилназ Халықаралық музей күніне орай өткізілген «Бояулар құпиясы» атты жас суретшілердің облыстық байқауында орын иеленді. Жетекшісі — Шүленбаева Гүлнұр. Бұл жетістік — шығармашылық еңбектің, талпыныстың және өнерге деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі! Жас суретшімізге шабыт пен жаңа жеңістер тілейміз!

Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен физика бірлестігімен "Аңыз әңгімелер" тақырыбында оқыған кітаптарын мұғалімдер өзара талдау жасады. Мақсаты: - Қазақ халқының аңыз-әңгімелеріндегі физикалық құбылыстарды талдау арқылы пәнге деген қызығушылықты арттыру; - Пәнаралық байланысты нығайту; - Мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту.Іс-шара барысында мұғалімдер қазақтың танымал аңыз-әңгімелерін талдап, олардың физикалық тұрғыдан түсіндірмелерін ұсынды

Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектеп кітапханашылары  «Таңғы 15 минут – білімге жол ашар сәт» тақырыбында кітап оқу сағатты ұйымдастырылды. Кітап оқу сағатында оқушыларға kitapal.kz кітаптары қойылып кітап көрмесі таныстырылды. Оқырмандар өзеріне ұнаған қазақ әдебиеті, балалар әдебиеті, ғылыми-көпшілік шығармалармен танысып, өздеріне қызық кітаптарды таңдады. Іс-шара оқушыларға көркем әдебиетті пайдалану дағдыларын үйретіп, көркем әдебиетке деген қызығушылықты оятты. Оқушылар өз бетінше кітап таңдап, оқу дағдысын дамытуға мүмкіндік алды.

ОҚУШЫЛАРМЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БОЙЫНША ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТТІ 2025 жылғы 15 мамырда балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Zoom платформасында оқушылармен онлайн кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Қызылорда облысы Білім басқармасы, қалалық Полиция департаменті және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып, оқушылармен ашық диалог өткізді. Онлайн Кездесу барысында жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыру, жауапкершілік пен тәртіп жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, құқық бұзушылықтың салдары, оны болдырмау жолдары және киберқауіпсіздік тақырыптары қозғалды.21 05 2025 2
© 2025 «Қызылорда облысының білім басқармасының

Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің «Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі