Ы. Алтынсарин атындағы №204 мектепте «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, Республика күні қарсаңында 5«Г» сынып жетекшісі Тнимова Ризаның ұйымдастыруымен мазмұнды сынып сағаты өткізілді.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың бойында патриоттық рухты, елжандылық сезімді, туған ел мен жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы күні мерекесінің мәні мен маңызын кеңінен түсіндіру болды.



