Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектептің 7 «А» сынып оқушысы Сақтапберген Нұршат«Жеті Өнер Stars» атты Х республикалық шығармашылық байқауында өз талантымен дараланып,
БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды!
Нұршат байқау барысында ерекше орындаушылық шеберлігін, сахна мәдениетін және өнерге деген сүйіспеншілігін көрсете білді.
Бұл жетістік – оның тынымсыз еңбегінің, ұстаздарының бағыт-бағдары мен ата-анасының қолдауының жемісі.
«Жеті Өнер» шығармашылық орталығы ұйымдастырған дода – еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды жастардың басын қосқан айтулы өнер бәйгесі.
Міне, сол үлкен сахнада біздің шәкіртіміз үздік деп танылып,
Түркия мен Өзбекстанда өтетін халықаралық өнер фестиваліне арнайы шақырту алды!



