Ы. Алтынсарин атындағы №204 орта мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Білімнің шамын жаққан тұлғалар» тақырыбында танымдық кітап көрмесі өтті.
Көрменің мақсаты – білім мен ғылым жолында өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың өмірі мен еңбегімен таныстыра отырып, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарға баулу.
Көрмеге Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Абай Құнанбайұлы, Шоқан Уәлиханов, Әл-Фараби, Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов және тағы басқа ағартушы-ғалымдардың шығармалары мен өмірбаяндары қойылды.


