2025 жылдың 03 қазан күні Ы.Алтынсарин атындағы N204 мектебінің асхана жұмысының және балалардың тамақтануының дұрыс ұйымдастыруын бақылау мақсатында мектептің бракераж комиссия мүшелері Мектеп директоры М.Жумашов, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Абишов, ата-аналар комитетінің төрағасы Қ.Боташов және әлеуметтік педагог Г.Пірімжарова, мектеп медбикесі Р.Сағымбаева,Шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Б.Сәрсен асхана жұмысына тексеру жұмысын жүргізді.
Мониторинг топ мүшелері асханаға келген тағам өнімдерінің сапасын, олардың сақталу мерзімдері мен жағдайларын, астың дайындалу технологиясын, ас блогының санитарлық жағдайын тексерді.



